Accessibility links

Борышкерлер талабына байланысты сот өтті


Азаматтық белсенді Есенбек Өктешбаев (сол жақта) пен заңгер Дмитрий Сазонов экономикалық сотта отыр. Алматы, 17 қазан 2014 жыл.

Азаматтық белсенді Есенбек Өктешбаев (сол жақта) пен заңгер Дмитрий Сазонов экономикалық сотта отыр. Алматы, 17 қазан 2014 жыл.

Бүгін Алматы экономикалық сотында 700-ге жуық борышкердің 14 банкке қарсы талап-арызы қарала бастады. Судья Тұрсынәлі Төлегенов тараптарды дауды бейбіт жолмен шешуге не медиатор көмегіне сүйенуге шақырды. Бірақ тараптар одан бас тартты.

Заңгер Дмитрий Сазонов несиесін төлеуге жағдайы келмеген борышкердің жалғыз баспанасын банктің алып қоюын заңсыз деп санау жайлы ұсыныс айтты. Ол сотта үш үкіметтік емес ұйымның – «Халыққа баспанасын қалдырайық» (Алматы), «Баспанамызды қорғайық» (Шымкент) және «Жалғыз баспана» (Ақтөбе) ұйымдарының мүддесін қорғады. Белсенділер "жаһандық экономикалық дағдарыс әсерінен және коммерциялық банктер мүддесіне орайластырып жасалған шарттар кесірінен туындаған" ипотекалық қарыздарының бір бөлігін төлетпеуді талап етеді.

Ал банк өкілдері келесі отырыста борышкердің әрбірінің банкпен жасасқан шартын ала келуді, "ондағы заң бұзу фактісін" көрсетуді сұрады.

Соттың келесі отырысы 30 қазанда өтпек.

XS
SM
MD
LG