Accessibility links

Ресей-Украина газ келіссөздерінің нәтижесі мардымсыз


Ресей президенті Владимир Путин (ортада) Украина президенті Петр Порошенкомен амандасып тұр. Милан, 17 қазан 2014 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (ортада) Украина президенті Петр Порошенкомен амандасып тұр. Милан, 17 қазан 2014 жыл.

17 қазан күні Украина президенті Петр Порошенко Миланда Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Бірақ Порошенко "Ресей мен Украина арасындағы газ тасымалы бойынша өткен келіссөздерден мардымды нәтиже шықпады" деп мәлімдеді.

Миланда "Еуропа-Азия" форумы саммиті кезінде журналистерге сұхбат берген Порошенко "Белгілі бір прогресс бар деуге болады. Бірақ бірнеше детальді әлі де талқылау керек" деген.

45 минутқа созылған келіссөзден шыққан Ресей президенті Владимир Путин "тараптар газ жеткізудің шарттарын келісті, тым құрығанда қыс кезінде газ беру жайы сөз болды" деген.

Путин Украинаның газ қарызы туралы "Батыс елдері Украинаға қаржы жағынан көмектесетін шығар" деген.

Ресей Украинадан бірнеше миллиард доллар қарызын өтеуді талап етіп, қыс қарсаңында бұл елге газ беруді тоқтатып тастаған еді.

Порошенко мен Путин Миланда Франция және Германия басшыларымен де келіссөздер өткізді. Онда Украинадағы дағдарыстың әлі толық шешілмей тұрғаны, елдің шығысындағы атыстардың тоқтамай жатқаны айтылған.

XS
SM
MD
LG