Accessibility links

Донбастың "ерекше мәртебесі" туралы заң күшіне енді


Украинада Донбастағы жекелеген аудандардың өзін-өзі басқаруының ерекше режимі туралы заң күшіне енді. Жаңа заңның жұмыс істеу мерзімі - үш жыл. Құжат мәтіні Жоғарғы Раданың "Голос Украины" ресми басылымында жарияланды.

Құжат Донецк және Луганск облыстарындағы заңдарға өзгерістер енгізген. Ол өзгерістер бойынша, сепаратистер бақылайтын аудандарда 2014 жылы 7 желтоқсанда кезектен тыс сайлау өтеді және өзін-өзі басқару органдары құрылады. 17 қазан күні құжатқа Украина президенті Петр Порошенко қол қойды.

Өзін-өзі жариялаған "Донецк халық республикасы" өкілдері бұған дейін "7 желтоқсанда кезектен тыс сайлау өткізбейтіндерін" мәлімдеген еді. Сепаратистер лидерлерінің бірі Александр Захарченко "Донецк халық республикасы" қандай сайлауды қашан өткізетінін өзі шешетінін" айтқан болатын.

Украинадағы дағдарысты реттеу мақсатында құрылған Минск тобы 5 қыркүйек күні "Донбастағы атысты тоқтату" туралы хаттамаға қол қойған. Осы құжатта Донецк және Луганск облыстарындағы жекелеген аудандарға "ерекше мәртебе" беру қарастырылған еді. Бұл аудандарды қазір ресейшіл сепаратистер басқарып отыр.

XS
SM
MD
LG