Accessibility links

Шымкентте такси парктерінің байқауы өтті


Шымкентте өткен "Такси 13" байқауында жеңімпаз атанған такси парктерінің көліктері. Шымкент, 18 қазан 2014 жыл. Сурет авторы - Дилара Иса.
Шымкентте өткен "Такси 13" байқауында жеңімпаз атанған такси парктерінің көліктері. Шымкент, 18 қазан 2014 жыл. Сурет авторы - Дилара Иса.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Бұл байқау - қызмет сапасы бойынша такси парктерінің арасында өткен Қазақстандағы алғашқы конкурс". 18 қазан күні Шымкенттің үздік такси паркі анықталды.

Қалалық әкімдік, Шымкент қаласының ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полициясы және жергілікті телеарна ұйымдастырған «Такси-13» байқауы екі аптаға созылды.

18 қазан күні 8 такси паркінің ішінен үш жеңімпаз анықталды.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Баһадыр Нарымбетовтың Азаттыққа айтуынша, байқаудың негізгі шарттары тұтынушының қауіпсіздігі әрі діттеген жеріне уақтылы жетуі болған. Байқауда таксидің тазалығы, жүргізушінің мәдениеті, көлік жүргізу шеберлігі мен қала көшелерін білуі де ескерілген.

Жеңімпаздарды әкімдік пен полиция, жергілікті телеарна өкілдері анықтаған. Үздіктерді іріктеу кезінде сауалнама сияқты такси қызметін пайдаланатын тұтынушылар пікірін ескеретін қандай да бір тәсілдер пайдаланылмаған.

Байқау нәтижесінде 1, 2, 3-орындарды иеленген такси парктеріне марапат белгілері мен жүлде үлестірілген.

XS
SM
MD
LG