Accessibility links

Геннадий Головкин Антонио Рубионы нокаутпен жеңді


Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин. Нью-Йорк, 2 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин. Нью-Йорк, 2 қараша 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Бұл - кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің қатарынан 31-жеңісі.

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Карсон қаласында өткен кездесуде қазақстандық боксшы Головкин мексикалық Марко Антонио Рубионы екінші раундта нокаутқа түсіріп, WBO және IBO версиялары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды.

Головкин осымен қатарынан 18-кездесуін уақытынан бұрын аяқтап отыр. Қазақстандық спортшы кәсіпқой боксқа ауысқалы барлығы 31 кездесу өткізіп, бірде-бір рет жеңілген жоқ. Ол 28 қарсыласын нокаутқа жіберген.

Головкиннің енді қай боксшымен кездесетіні әзірге белгісіз.

XS
SM
MD
LG