Accessibility links

"Ресейдің Резерв қоры таусылуы мүмкін"


Ресей парламентінің қаржылық бақылау палатасының басшысы Татьяна Голикова.

Ресей парламентінің қаржылық бақылау палатасының басшысы Татьяна Голикова.

Ресейдің жоғары лауазымды шенеунігі "Резерв қорының" таусылу мүмкіндігі жөнінде ескертеді.

Ресейдің Резерв қоры бюджетке мұнайдан түсетін табыс азайған кездерде экономиканы тұрақтандыру үшін 2008 жылы құрылған.

Ресей парламентінің бақылау палатасының басшысы Татьяна Голикова 18 қазан күні "Центр ТВ" телеарнасына берген сұхбатында "экономикадағы қазіргі жағымсыз тенденциялар 2015 жылы да сақталатын болса, елдің Реезерв қоры таусылуы мүмкін" деп мәлімдеген.

Голикова "Егер Резерв қорын мұнайдың арзандауына байланысты пайдалана берсек, әрі Ресей банктері қарыздарын жабу үшін шетелден несие ала алмайтын болса (санкциялар кесірін айтады - ред.), екі жыл ішінде бұл қорда қаражат тапшылығы пайда болатынын" ескертті.

Бірақ Голикова Ресей үкіметінің мемлекет табысын көбейтуді, "импорт өнімдерін алмастыру" бағдарламасын іске асыруды, инфрақұрылымды жетілдіруді жоспарлап отырғанын айтты. Ол "2015 жылдың бюджетіне төніп тұрған ешқандай қауіп жоқ" деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG