Accessibility links

Тәжікстанда "Сириядан қайтқан" 20 "содыр" ұсталды


Тәжікстанда автомобиль жолындағы туннельді жармақ болған "исламшыл содырлар" ұсталды.

Тәжікстан полициясы 20 адамның "экстремизм" күдігімен тұтқындалғанын хабарлады. Осы елдің ішкі істер министрлігінің аты-жөнін жасыруды өтінген өкілі AFP ақпарат агенттігіне 18 қазан күні "бұл топ елдің орталығын солтүстік аймақтарымен байланыстыратын туннельді жармақ болды" деген.

Ол "тұтқындалған адамдардың Сириядағы Башар Ассад режиміне қарсы соғыстан қайтып келген азаматтар екенін" мәлімдеген. Олар туралы басқа мәлімет жоқ. Тәжікстан билігі "қазір Сириядағы соғысқа 200-ден астам Тәжікстан азаматы қатысып жатыр" деп есептейді.

XS
SM
MD
LG