Accessibility links

Порошенко: Ресей Украинаға газ беретін болды


Украина президенті Петр Порошенко. Милан, 17 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Украина президенті Петр Порошенко. Милан, 17 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Украина президенті Петр Порошенко "Украина қыста газсыз қалмайды, Ресейден алады" деп мәлімдеді.

Бұл туралы Порошенко Украина телеарнасына 18 қазан күні берген сұхбатында айтқан.

Ол Украина Ресейден газды 1000 текше метріне 385 доллардан 31 наурызға дейін алып отыратынын айтқан.

Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Петр Порошенко 17 қазан күні Миланда кездескен еді. Киев мамыр, маусым айларында алған газының 1000 текше метрін 325 доллардан төлейтінін, ал осы қыста газды 385 доллардан алатынын мәлімдеген. Ресей мамыр, маусым айларында алынған газдың да бағасын 385-тен төлеуді ұсынып отыр.

Ресей, Украина және Еуропа Одағы өкілдері газ бағасын талқылау үшін 21 қазан күні Брюссельде қайта кездеседі.

XS
SM
MD
LG