Accessibility links

Луганск облысында атыс болды


Луганск облысындағы Украина әскерінің шебі. (Көрнекі сурет)
Луганск облысындағы Украина әскерінің шебі. (Көрнекі сурет)

Луганск облысында сенбі күні кешке ресейшіл сепаратистер мен Украина армиясы сарбаздары бірнеше сағат бойы атысқан. Украина қорғаныс министрлігі өкілі Владислав Селезневтің айтуына қарағанда, украиналық екі жауынгер жараланған.

Селезнев "сепаратистер Украина армиясының Дебальцево, Некишино, Могила-Острая қорғаны, Авдеевка елді мекендері маңындағы шептерін атқылады" дейді. Алайда сепаратистер өкілдері "атысты бірінші Украина әскері бастады" деп хабарлады.

Сенбі күні Донецк әуежайы маңында да атыс болған. Украиналық БАҚ ақпараты бойынша, сепаратистер әуежайға шабуыл жасап, оларға Украина армиясының жауынгерлері тоқсауыл қойған.

XS
SM
MD
LG