Accessibility links

Норвегияда «Осло еркіндік форумы» ашылады


"Осло еркіндік форумы" белгісі. (Көрнекі сурет)
"Осло еркіндік форумы" белгісі. (Көрнекі сурет)

Норвегия астанасында бүгін дәстүрлі «Осло еркіндік форумы» ашылады.

Осымен алтыншы рет өткізілетін жыл сайынғы форум Human Rights Foundation құқық қорғау ұйымының бастамасы бойынша өткелі отыр. Жиынға Азия, Африка, Латын Америкасы және бұрынғы СССР елдерінен азаматтық белсенділер қатысады. Форум жұмысы 22 қазанға дейін жалғасады.

Human Rights Foundation ұйымын 2006 жылы Венесуэладан шыққан, сол кезде 26 жаста болған Тор Леонардо Хальворссен Мендоса құрған. Сұхбаттарының бірінде Хальворссен «БҰҰ-дағы әдемі сөзден басқа ешнәрсе атқармайтын құқық қорғау ұйымдарына сенбейтінін» айтқан еді.

Форумды ұйымдастырушылар әлемдегі бейбітшілікке ресми құрылымдардан гөрі өздерінің жыл сайынғы шаралары көп пайда тигізеді деп санайды

XS
SM
MD
LG