Accessibility links

Гонконг басшысы шеруге «сыртқы күштерді» айыптады


Гонконгтегі шерушілер. 19 қазан 2014 жыл.

Гонконгтегі шерушілер. 19 қазан 2014 жыл.

Гонконг басшысы Лян Чжэньин аймақта биліктен демократиялық құқықтарды сақтауды талап етіп бірнеше апта бойы жалғасып жатқан шерулерге «шетелдік күштердің қатысы бар» деп мәлімдеді.

Телеарна арқылы сөйлеген сөзінде Лян Чжэньин өзге елдердегі «сыртқы күштер» аймақта баррикада құрып, күндіз-түні шеру өткізіп жатқандарға «дем беріп отыр» деп айыптады. Бірақ ол «сыртқы күштердің» нақты кімдер екенін ашып айтпады.

19 қазанда Гонконгте демонстранттармен болған қақтығыс кезінде полиция шерушілерді резеңке таяқтармен ұрып, көзден жас ағызатын газ шашқан. 20-ға жуық адам зардап шеккен.

Демонстранттар жетекшілерінің бірі Джошуа Вонг Facebook-те өзінің «шетелдік күштермен байланысы» тек «кореялық ұялы телефоны мен АҚШ компьютерінен» аспайтынын жазды. «Бірақ, әрине, бұлардың барлығы Қытайда жасалған» дейді ол.

Гонконг студенттері федерациясының жетекшісі Алекс Чоу да аймақ басшысының айыптауларын жоққа шығарды.

Демонстранттар Гонконг әкімдігінің басшысын еркін сайлауды талап етеді. Сайлау 2017 жылы өтуі тиіс. Бірақ Қытай үкіметі сайлауға түсетін кандидаттарды өзі ұсынғысы келеді.

XS
SM
MD
LG