Accessibility links

Питомниктегі бүркіт балапандары босатылмақ


"Сұңқар" тәлімбағындағы бүркіт. Алматы, 20 қазан 2014 жыл.
"Сұңқар" тәлімбағындағы бүркіт. Алматы, 20 қазан 2014 жыл.

Бүгін Алматыдағы "Сұңқар" жыртқыш құстар тәлімбағында (питомник) өскен бүркіттің екі айлық үш балапаны табиғатқа өз еркіне жіберілуі үшін Зоология институтына берілді.

Жыртқыш құстар таяу күндері Алматы облысының Ұйғыр ауданында босатылып, табиғатқа жіберілмек деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Жаңа пайда болған бүркіттің балапандары бірден арнайы торда ұсталып, табиғат жағдайында өз бетімен қорегін тауып жеуге үйретілген.

Қызыл кітапқа енген бүркіттің балапандарын табиғатқа жіберу шарасы "Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақта" экологиялық жобасының аясында өткізіліп жатыр. Өткен жылы "Сұңқар" тәлімбағының қызметкерлері мен ғалымдары бірнеше құстың балапанын табиғат аясына жіберген. Бірақ еркіндікке жіберілген құстардың табиғи ортаға қалай бейімделіп кеткені туралы ақпарат жоқ. Жобаны ұсынушылар табиғатқа еркіне жіберілгеннен кейін бүркіттің балапандарын көрмегендерін айтады.

Құстарды бақылауға бағасы қымбат GPS-навигатор аппаратының жоқтығы қолбайлау болып отыр.

XS
SM
MD
LG