Accessibility links

ЕО министрлері Ресейге қарсы санкцияны талқыламақ


Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон.
Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон.

Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон ЕО елдерінің сыртқы істер министрлері бүгін кездесу өткізіп, Украинадағы дағдарысты реттеу мәселесін және Ресейге қарсы санкцияларды қайта қарау мүмкіндіктерін талқылайтынын хабарлады.

Люксембургке ЕО сыртқы істер министрлерінің кездесуіне барған Эштонның айтуынша, министрлер «жағдайға талдау жасап, ары қарайғы қадамның қандай боларын шешеді».

Бұған дейін ЕО Ресейге қарсы санкцияларды қайта қарауда қыркүйектің басында Минскіде жасалған бітімді іске асырудағы Мәскеудің әрекеті назарға алынатынын ескерткен болатын.

XS
SM
MD
LG