Accessibility links

Мәскеуде ұшақ апатынан Total басшысы қаза тапты


Француздық Total мұнай компаниясының атқарушы директоры Кристоф де Маржери.
Француздық Total мұнай компаниясының атқарушы директоры Кристоф де Маржери.

Ресей ақпарат құралдары Мәскеудің Внуково әуежайында ұшақ апатынан француздық Total ірі мұнай компаниясының атқарушы директоры Кристоф де Маржери қаза тапқаны туралы хабарлады.

Авиация қызметінің өкіліне сілтеме жасаған ТАСС агенттігі Falcon-50 жекеменшік ұшағының бортында Франция азаматы Кристоф де Маржери мен экипаждың үш мүшесі болғанын, апат салдарынан барлығы да қаза тапқанын хабарлады. Экипаж мүшелері де Франция азаматтары болған.

Кейбір ақпараттар бойынша, Францияға бағыт алған ұшақ тұман кезінде әуеге көтерілмек болғанда қар тазалайтын көлікпен соқтығысқан. Ресми орындар тарапынан ұшақ апатына қатысты әзірше толық ақпарат берілген жоқ.

XS
SM
MD
LG