Accessibility links

Ресей ЕО-дан ет өнімдерін тасуды шектемек


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейдің тұтынушылар құқығын қорғайтын Роскомнадзор мекемесі 21 қазаннан бастап «адам денсаулығына қауіпті» деген себеппен Еуропа Одағынан (ЕО) кейбір ет өнімдерін тасымалдауға тыйым салу жоспарын жариялады. Тыйым салынатын ет өнімдері арасында шошқа, тауық, сиыр майлары мен ішек-қарын сияқты ішкі мүшелері бар. Роскомнадзор бұл өнімдерден «зиянды заттар табылған» дейді.

АҚШ пен ЕО Мәскеудің Украинадағы қақтығыстарға дем беру саясатына жауап ретінде Ресейге қарсы санкцияларды күшейткен соң Мәскеу биыл жазда америкалық және еуропалық бірқатар азық-түлік өнімдері импортына тыйым салған болатын.

Батыс елдері Ресейді «денсаулыққа зиян деген сылтаумен шетелдік тауарлар импортын саяси мақсатпен шектеп отыр» деп бірнеше рет айыптаған еді.

XS
SM
MD
LG