Accessibility links

AI Ташкентті «ар-ұждан тұтқынын» босатуға шақырды


Өзбекстан билігі ұзақ жылға түрме жазасына кескен Дилором Абдукодирова.

Өзбекстан билігі ұзақ жылға түрме жазасына кескен Дилором Абдукодирова.

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Өзбекстан президенті Ислам Каримовті осы елдегі 49 жастағы «ар-ұждан тұтқыны» Дилором Абдукодированы босатуға шақырған петицияға әлемнің 123 елінен 200 мыңнан аса адамның қол қойғанын хабарлады.

Петицияға қол жинау «Азаптауды тоқтату» кампаниясы аясында жүргізілген. AI дерегінше, көкөніс сатумен айналысқан Дилором Абдукодирова Өзбекстандағы экономикалық жағдайға қарсы наразылық акцияларына қатысқаны үшін 18 жылға сотталып, жазасын өтеп жатыр.

2005 жылы Әндіжанда полиция демонстранттарға қарсы оқ атқан оқиғадан соң елден кетіп қалған Дилором Абдукодирова 2010 жылы Өзбекстанға оралған соң тұтқындалған.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы өткен айда жариялаған есебінде Өзбекстанда саяси себеппен жазасын өтеп жатқан тұтқындардың азаптауға ұшырап, жай-күйі нашар жағдайда қамауда отырғаны айтылған еді. Олардың арасында Дилором Абдукодированың есімі де аталған.

XS
SM
MD
LG