Accessibility links

Moody's Ресей банктерінің рейтингін төмендетті


Мәскеудегі "Сбербанк" бөлімшелерінің бірі. (Көрнекі сурет)

Мәскеудегі "Сбербанк" бөлімшелерінің бірі. (Көрнекі сурет)

Moody's халықаралық рейтинг агенттігі Ресейдің ең ірі жеті банкі мен қаржылық институттарының рейтингтерін төмендетті.

Агенттік "Сбербанк", "ВТБ" банкі, "Газпромбанк", "Россельхозбанк", "Внешэкономбанк", "Альфа-банк" және тұрғын үйді ипотекалық несиелендіру агенттігінің ұзақ мерзімдік рейтингі бойынша болжамдары оңалмай тұр деген.

Moody's бұл шешімін Ресей үкіметінің банк жүйесіне қажет кезде қолдау көрсету қабілетінің төмендеуімен байланыстырады.

18 қазанда агенттік Украинадағы дағдарыстың шешілмеуіне, халықаралық санкциялардың күшеюіне, Ресей бизнесінің шетелден займ алуына шектеу қойылуына, капиталдың сыртқа кетуіне және мұнай бағасының арзандауына байланысты Ресейдің суверенді рейтингін бір сатыға төмендеткен.

XS
SM
MD
LG