Accessibility links

Ауғанстанда апиын өсіру көлемі артты


Ауғанстандағы көкнәр алқабы. (Көрнекі сурет).
Ауғанстандағы көкнәр алқабы. (Көрнекі сурет).

АҚШ-тың Ауғанстанды қайта құру жөніндегі арнайы инспекциясы 2013 жылы Ауғанстанда апиын өсіретін алқап көлемі артқанын хабарлады. Инспекция АҚШ бұл елдегі есірткі өсірумен күреске 7.6 миллиард доллар бөлгеніне қарамастан, есірткі алқабының көлемі 2007 жылғы ең жоғарғы көрсеткіш – 193 мың гектардан 209 мың гектарға көбейгенін айтады.

Инспекция Ауғанстанда есірткі өндірісінің ұлғаюына көкнәр бағасының қымбаттауы, арзан жұмыс күші мен жаңа технологияны пайдалану мүмкіндіктерінің молдығы жағдай жасап отырғанын айта келе, есірткі алқабы көлемінің артуы «АҚШ-тың бұл елдегі есірткі өндірісін шектеуге жұмсаған күш-жігерінің ұзақ уақытқа тиімді боларына күмән келтіреді» дейді.

АҚШ-тың Кабулдағы елшілігі көкнәр өсірудің ұлғайғаны «жағымсыз жаңалық» екенін және Ауғанстанның жаңа басшылығы есірткімен күреске күш салатынынан үмітті екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG