Accessibility links

Адам құқығы бюросына қарсы арызды қайтарып алды


Бүгін Алматы қаласы Әуезов ауданының судьясы Ұлан Есбергенов талапкер Евгений Цепенниковтің өкілдерінің Адам құқығы жөніндегі қазақстандық бюроға қарсы талап-арызын қайтарып алу туралы өтініштерін орындады.

Адвокаттар Ғалым Нұрпейісов пен Рая Жазылбаева ол мекемеден Цепенниковті жұмыстан шығарған бұйрығының расталған көшірмесін алған соң талап-арыздан бас тартқандарын айтады. Судья жауапкердің сот шығындары ретінде 180 мың теңге (1 мың долларға жуық) төлеуін және сот өндірісін тоқтатуын үкім етті. Адвокат Рая Жазылбаева сот үкіміне разы екенін Азаттық тілшісіне хабарлады.

Ал Адам құқығы жөніндегі қазақстандық бюроның адвокаты Ләйла Рамазанова жауапкердің сот шығынын төлеуі керегі жайлы шешімге қатысты шағымданатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, жауапкер өзін жұмыстан шығару туралы бұйрықтың куәландырылған көшірмесін сотқа бұған дейін үш мәрте көрсеткен.

Адам құқығы жөніндегі қазақстандық бюроның Қостанайдағы бөлімшесінде үш жыл жұмыс істеген Евгений Цепенников былтыр шілдеде жұмыстан шыққан. Оның жұмыстан не себепті шығарылғанын екі тарап та түсіндірмеді.

XS
SM
MD
LG