Accessibility links

Сахаров сыйлығы конголық дәрігерге берілді


Сахаров сыйлығын иеленген конголық дәрігер Денис Муквеге.

Сахаров сыйлығын иеленген конголық дәрігер Денис Муквеге.

Еуропа Одағы тағайындайтын жыл сайынғы дәстүрлі Сахаров сыйлығын биыл конголық гинеколог Денис Муквеге иеленді. Сыйлық иегерін жариялаған Еуропа парламентінің президенті Мартин Шульц "Доктор Муквеге адамгершіліктің үлгісі және Африка мен әлемге ізет көрсеткен ғасыр тұлғасы саналады" деді.

Конгодағы Муквегенің ауруханасында топтық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған мыңдаған адам емдеуден өткен. Өткен жылы сөйлеген сөздерінің бірінде конголық дәрігер "Он бес жыл бойы мен әйелдерге жасалған айуандықтың куәгері болып келем. Біздің бойымыздағы адамға тән қасиетіміз бір-бірімізге қамқор болуымызды талап ететіндіктен мен мұнда бейтарап қала алмаймын" деген.

Биыл Сахаров сыйлығына ұсынылғандар қатарында "Еуромайдан" қозғалысы мен әзербайжандық құқық қорғаушы Лейла Юнус та болған. Сыйлықтың 50 мың еуро көлемінде ақшалай жүлдесі бар. Сыйлық жыл сайын адам құқығы мен ой еркіндігін қорғау саласында еңбегі сіңгендерге беріледі.

XS
SM
MD
LG