Accessibility links

ЕО: Ресей-Украина газ келіссөздерінде прогресс бар


Брюссельге кездесуге келген Ресей энергетика министрі Александр Новак сұхбат беріп тұр. 21 қазан 2014 жыл.

Брюссельге кездесуге келген Ресей энергетика министрі Александр Новак сұхбат беріп тұр. 21 қазан 2014 жыл.

Еуропа комиссиясының энергетика мәселелері бойынша комиссары Гюнтер Отингердің айтуынша, 21 қазанда Ресей мен Украина арасында өткен жаңа газ келісімі туралы келіссөздерде белгілі бір прогресске қол жеткен.

Оттингердің сөзіне қарағанда, алдын-ала уағдаластық бойынша, Киев биылғы жылдың соңына дейін Ресейден шамамен төрт мың текше метр газ сатып алады. Ол Украина бұған қоса қазан айының соңына дейін Ресейге бұған дейін импорттаған газы үшін берешек 1.4 миллиард АҚШ долларын төлеп беретінін де айтты. Қарыздың қалған 1.6 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі сомасы жылдың соңына дейін төленбек.

Келіссөздерге қатысқан Ресей делегациясының басшысы, Ресей энергетика министрі Александр Новактың айтуынша, Украина енді қазан айынан 2015 жылдың наурызына дейін Ресей газын әр мың текше метрін 385 АҚШ долларынан сатып алады. Осыдан бір апта бұрын Ресей Украинаға газдың мың текше метрін 485 АҚШ долларынан сатып алуды ұсынған еді.

Новаков Еуропа Одағы (ЕО) Киевтің биылғы жылдың соңына дейін Ресейге газға қарыз 5.3 миллиард АҚШ доллары қарызын төлейтініне жауапкершілікті мойнына алуы тиіс дейді.

Украина мен Ресей делегацияларының келесі кездесуі қазанның 29-ында Брюссельде өтеді.

XS
SM
MD
LG