Accessibility links

Малала Юсуфзай Азаттық медалін алды


Малала Юсуфзай Азаттық медалін алды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:26 0:00

Пәкістандық Малала Юсуфзай АҚШ-тың беделді сыйлығы – Азаттық медалімен марапатталды. 17 жастағы қызға бұл сыйлық басына төнген қауіп-қатерден қаймықпай адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісіне қосқан ерен еңбегі үшін берілді. Азаттық медалін тапсыру салтанаты 21 қазанда АҚШ-тың Филадельфия қаласындағы Конституция Ұлттық орталығында өтті. Малала Юсуфзай осымен 26-рет беріліп отырған Азаттық медалімен марапатталғандар арасындағы ең жасы. Ол Азаттық медалі иегеріне табыс етілетін 100 мың доллар көлеміндегі қаржыны Пәкістандағы білім алғысы келетін балаларды қолдауға беретінін айтты. Бұған дейін Малала Юсуфзай биыл Нобель бейбітшілік сыйлығының ең жас иегері атанған еді.

XS
SM
MD
LG