Accessibility links

Қазақстанда 2015 жылдың соңына қарай виза алудың автоматтандырылған жүйесі енгізіледі деп хабарлады бүгін Алматыда өтіп жатқан конференцияда Қазақстан туристік ассоциациясының президенті Роза Асанбаева.

«Қазір виза алу процесстерін автоматтандыру, жоғары технологияларды енгізу, жалпы миграциялық тіркеуден толық арылу жоспарланып отыр. Қазақстан үкіметі 2015 жылдың соңында виза алудың жаңа жүйесін, яғни 24 сағат ішінде электронды виза алу жолдарын енгізуді ойластырып жатыр» деген Роза Асанбаева.

XS
SM
MD
LG