Accessibility links

«Уотергейт» кезінде бас редактор болған адам дүние салды


АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) Washington Post басылымының бұрынғы бас редакторы Бен Брэдлиді "Азаттық" сыйлығымен марапаттап тұр. Вашингтон, 20 қараша 2013 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) Washington Post басылымының бұрынғы бас редакторы Бен Брэдлиді "Азаттық" сыйлығымен марапаттап тұр. Вашингтон, 20 қараша 2013 жыл.

АҚШ-тың Washington Post басылымы бұрынғы бас редакторы Бен Брэдлидің қайтыс болғанын хабарлады. Басылымның жазуынша, Брэдли 21 қазанда Вашингтонда 93 жасында дүниеден озған.

Бен Брэдли 1968-1991 жылдары Washington Post басылымын басқарған тұста АҚШ-тағы ең ықпалды тұлғалардың бірі, ал газет ең қарқынды дамыған және танымал басылымдардың бірі болды.

Бен Брэдли журналистер Боб Вудворд пен Карл Бернстайнге 1974 жылы АҚШ президенті Ричард Никсонның отставкаға кетуіне әкеп соқтырған, тарихта «Уотергейт жанжалы» деген атпен қалған оқиғаларды зерттеуге барынша көмектескен.

Washington Post бұл оқиғалардан жан-жақты хабар таратқаны үшін Пулитцер сыйлығын алған.

XS
SM
MD
LG