Accessibility links

Параазия-2014: Қазақстан атлеті рекорд орнатты


Инчхонда өтіп жатқан параазиялық ойындарда жүзу жарысынан қазақстандық спортшы Зүлфия Ғабидуллина алтын медаль алды. Ол 50 метрге еркін әдіспен жүзуден әлем рекордын орнатты (46.40 секунд). Ғабдуллина көзі нашар көретін спортшылар категориясында жарысқа шыққан еді.

100 метрге еркін әдіспен жүзуден Қазақстан спортшылары Әнуар Ахметов -алтын, Андрей Афанасьев күміс медаль иеленді. Ахметов осымен бұл ойындардағы үшінші алтын медалін алып отыр.

Жүзуден Қазақстан құрамасы 4x100 метрлік эстафетада чемпион атанды.

Жеңіл атлет Аманат Қалқаев 200 метрге жүгіруден қола медаль алды. Ол аяқ-қолында ақауы бар спортшылар категориясында жарысты.

Қазақстан Инчхондағы Параазия ойындарында алты алтын, алты күміс, сегіз қоламен жалпы есепте 12-орыннан 10-орынға көтерілді.

Жарыс 24 қазан күні аяқталады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG