Accessibility links

Сенат Ресеймен тату көршілік келісімін мақұлдады


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).

"Бүгін парламент сенаты депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 21-ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады" деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл келісімге өткен жылдың қарашасында Екатеринбург қаласында Қазақстан мен Ресей президенттері қол қойған. Заң жобасын парламентте таныстырған сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, "келісім Ресеймен ынтымақтастықты бекітетін негізгі құжат және онда екіжақты өзара қарым-қатынастың басты ұстанымдары келтірілген".

Ыдырысов "Қазақстан Ресейді Еуразиялық кеңістіктегі маңызды саяси және экономикалық әріптес ретінде қарастырады. Ресеймен көпжақты жоспарлы қатынастарды дамыту еліміздің стратегиялық мүдделеріне сай келеді" деген.

Келісім екіжақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, транспорттық дәліздерді құру, су ресурстары мен экологияны рационалды пайдалану, әскери және әскери-техникалық салада өзара әрекет ету және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытудың бағыттарын айқындайды.

Келісімге сәйкес, екі ел келісілген сыртқы саясат жүргізеді, еуразиялық кеңістік пен бүкіл әлемде бейбітшілікті нығайту, тұрақтылық пен қауіпсіздікті арттыру ісінде өзара тығыз іс-қимыл жасайды.

Құжат енді президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қол қоюына жолданады.

XS
SM
MD
LG