Accessibility links

Параазия-2014: Қазақстан алтыны жетіге жетті


Инчхонда өтіп жатқан параазиялық ойындарда Қазақстанның алтын саны жетіге жетті.

4x100 метрге еркін әдіспен жүзу бағдарламасының эстафетасында Қазақстан ерлер құрамасы алтын медаль алды. Қазақстан құрамасының сапында осыған дейін параазиялық ойындардың төрт алтынын алған Әнуар Ахметов, Андрей Афанасьев, Бекжан Есіркепов, Әлібек Уақбаев сынға түсті.

Бұған қоса Әнуар Ахметов 100 метрге баттерфлай әдісімен жүзуде күміс медаль алды.

Жүзуден Оксана Митьякова мен жеңіл атлет Аманат Қалқаев та Инчхон Пара Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.

Қазақстан қазір жеті алтын, алты күміс, он бір қоламен жалпы есепте 11-орында тұр. Жарыс бүгін, 24 қазанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG