Accessibility links

АҚШ-та тағы бір адам Эбола жұқтырды


Нью-Йорктегі Эбола вирусын жұқтырған науқас жатқан аурухана. 23 қазан 2014 жыл.
Нью-Йорктегі Эбола вирусын жұқтырған науқас жатқан аурухана. 23 қазан 2014 жыл.

Батыс Африкадан таяуда Нью-Йоркке қайтып оралған америкалық дәрігер Крэйг Спенсердің қауіпті Эбола вирусын жұқтырғаны анықталды. Бұл жайында 23 қазан күні ресми орындарға сілтеме жасаған америкалық БАҚ хабарлады.

33 жастағы дәрігер Гвинеяда "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының қызметкері ретінде жұмыс істеп, Эболамен ауырғандарды емдеген. Ол АҚШ-қа қазанның 17-сі күні Брюссель арқылы оралған. 22 қазан күні дәрігер сырқаттанып, Нью-Йорктегі ауруханалардың біріне барған. Қазір ол инфекциялық оқшаулау бөлімінде жатыр.

Нью-Йорк билігі мен федералдық денсаулық сақтау ведомствосының қызметкерлері Крэйг Спенсердің АҚШ-қа қайтып келгеннен кейін кімдермен араласқанын анықтап жатыр.

Осы айдың басында АҚШ-та Эбола індетінен Либерия азаматы қайтыс болған еді. Ал індет оны қараған екі медбикеге жұққан болатын.

XS
SM
MD
LG