Accessibility links

Шымкентте туристік форум басталды


Шымкенттегі халықаралық туристік форумға қатысушылар. Шымкент, 24 қазан 2014 жыл.

Шымкенттегі халықаралық туристік форумға қатысушылар. Шымкент, 24 қазан 2014 жыл.

Бүгін Шымкентте «Шымкент» конгресс-орталығында туризм индустриясы, қонақ үй және мейрамхана бизнесі саласындағы кәсіпқой мамандарға арналған халықаралық туристік форум басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Қазақстанда, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында туризм саласын дамыту мәселелерін анықтау мақсатында ұйымдастырылған форумға қазақстандық мамандармен қоса шетелдіктер де тартылған.

Форумға Мариус Ван Ренсбург, Мариус Гомола, Юрий Барзыкин, Александр Жгун, Марк Ахмед, Джордж Смитт, Владимир Новиков, Роза Асанбаева, Жанна Галян, Мирослав Рончак және басқа да туризм саласының мамандары қатысып отыр.

Сонымен қоса, Ресей, Ұлыбритания, Сингапур, Малайзия, Қытай, Түркия, Канада сынды елдерден инвестициялық компаниялардың өкілдері шақырылған.

Форумның ашылуында сөйлеген Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев аймақта туризм саласын дамытуға шетелден инвестиция тарту маңызды екенін, форумға қатысып отырған кез-келген елдің инвесторымен жеке кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG