Accessibility links

БАҚ: Total ұшағының жолында 2 көлік болған


Внуково әуежайында апатқа ұшыраған Falcon-50 ұшағының бөлшектері. Мәскеу, 21 қазан 2014 жыл.

Внуково әуежайында апатқа ұшыраған Falcon-50 ұшағының бөлшектері. Мәскеу, 21 қазан 2014 жыл.

Total компаниясының президенті Кристоф де Маржеридің Falcon-50 ұшағы Внукова әуежайынан ұшатын кезде ұшу алаңында қар тазалайтын екі көлік жүрген деп хабарлайды Халықаралық авиация комитетінің (ХАК) тергеу нәтижелеріне сілтеме жасаған ресейлік "Коммерсант" басылымы.

ХАК-тің арнайы комиссиясының жетекшісінің Алексей Морозовтың айтуынша, диспетчерлер ұшақтың ұшуына рұқсат берген кезде ұшу алаңы бос болған. Бірақ 10 секундтан соң бақылау жүйесі қар тазалайтын көліктердің Falcon-50 ұшатын жаққа қозғалып бара жатқанын түсіріп алған. Бұдан 14 секундтан соң соқтығыс болған.

ХАК өкілдері көлік құралдары диспетчерлерден ұшу алаңын кесіп өтетіні туралы ескертпегендерін айтады.

Басылымның жазуынша, диспетчерлер көршілес ұшу-қону алаңында қар тазалайтын көліктердің жүргенін білген. Көлік жүргізушілері алаң жанынан істен шыққан бірнеше жарық сигналын беретін фонарь тауып алып, оларды электриктерге апарып бермек болған. Қайтарында қар тазалайтын көліктер ұшу алаңын кесіп өтпек болған. Осы мезетте Falcon-50 ұшағы көліктердің бірімен соқтығысқан. Екінші көлік алаңнан шығып үлгерген.

21 қазанға қараған түні Мәскеудің Внуково әуежайында болған апаттан ұшақ бортында болған төрт адам, оның ішінде франциялық Total компаниясының атқарушы директоры Кристоф де Маржери де қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG