Accessibility links

Бүгін Мәскеу қор биржасында еуро мен АҚШ долларының Ресей рубліне шаққандағы бағамы тағы өсе түсті. Бір еуро бағамы 53 рубльді, бір АҚШ доллары 41 рубль 91 тиынды құрады.

Ресей орталық банкі бүгін таңертең еуро мен долларды қоса алғандағы ортақ бивалюталық бағамды төрт рет өзгертті. Бұл валюталық интервенция бір миллиард АҚШ долларынан асқанын білдіреді.

Сарапшылар рубльге жасалып жатқан қысым Standard & Poor's (S&P) агенттігінің Ресейдің рейтингін төмендетуінің кері әсері болуы мүмкін деген қауіптен жалғаса береді деп болжайды.

18 қазанда Moody's агенттігі Украинадағы дағдарыстың шешілмеуіне, халықаралық санкциялардың күшеюіне, Ресей бизнесінің шетелден займ алуына шектеу қойылуына, капиталдың сыртқа кетуіне және мұнай бағасының арзандауына байланысты Ресейдің суверенді рейтингін бір сатыға төмендеткен.

XS
SM
MD
LG