Accessibility links

Журнал мен наиб-имам келісуден бас тартты


Алматыдағы орталық мешіттің наиб-имамы Ерсін Әміре. Алматы, 24 қазан 2014 жыл.
Алматыдағы орталық мешіттің наиб-имамы Ерсін Әміре. Алматы, 24 қазан 2014 жыл.

Алматы қаласының апелляциялық сотында Adam bol журналының иесі ADAMDAR компаниясының шағымы бойынша өткен сот талқылауы аяқталды. Компания моральдық шығын шегушіге - бұрын Атырау қаласындағы "Иманғали" мешітінің наиб-имамы болған, қазір Алматыдағы орталық мешіттің наиб-имамы Ерсін Әміреге 2,5 миллион теңге төлеуге келіспейді.

ADAMDAR компаниясының өкілі Аян Шәріпбаев және оның адвокаттары Әлімжан Оралбай мен Жохар Өтебеков айыппұл көлеміне наразы болып, Медеу аудандық сотының бұл шешімін өзгертуді сұрады.

Екі тарап та бүгінгі сотта татуласуға келіспеді. Енді шешімді апелляциялық сот шығаруы керек. Апелляциялық алқа судьясы Нұрлан Мұхамеджанұлы шешім 27 қазанда шығатынын жариялады.

Алматы қаласы Медеу аудандық сотына Adam bol журналының қожайыны ADAMDAR компаниясының үстінен талап-арыз берген Әміре Ерсін редакцияны журналдың биылғы 21 ақпанда шыққан 21-санындағы «Сирия соғысындағы қазақстандық майдан» («Казахстанский фронт сирийской войны») атты мақаласында «жалған мәліметтер жариялады» деп айыптайды. Ондағы мәліметтер анықталмады. Апелляциялық сотта журналдың бас редакторы Гүлжан Ерғалиева мақала авторы ретінде жазылған "Алма Шарипова" деген есім өзінің бүркеншік аты екенін айтқан.

  • 16x9 Image

    Қазис ТОҒЫЗБАЕВ

    Қазис Тоғызбаев 2008 жылғы қыркүйектен бастап өмірінің соңына, яғни 2021 жылғы 28 ақпанға дейін Азаттықтың Алматыдағы тілшісі ретінде еңбек етті. Азаттыққа дейін оппозициялық "Сөз" және "Азат" газеттерінде, kub.info сайтында тілші болған.

XS
SM
MD
LG