Accessibility links

Украинада сайлауалды үгіт тоқтады


Сайлау жәшігі. Новотроицкое кенті, Херсон облысы, Украина. 23 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Сайлау жәшігі. Новотроицкое кенті, Херсон облысы, Украина. 23 қазан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Украинада 25 қазанға қараған түнгі сағат 12-ден бастап, заң бойынша, сайлауалды үгіт жұмыстарымен бірге сайлауға байланысты социологиялық зерттеулер мен қоғамдық пікір сауалнамалары нәтижелерін жариялауға да тыйым салынды.

Жұма күні Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің өкілі Андрей Лысенко жедел алынған мәліметтер бойынша, осы сенбі-жексенбі жұртты үрейлендіру және сайлауды өткізбеу мақсатын көздейтін жалған хабарлар көптеп тараулы ықтимал деп мәлімдеген. Ол баспасөз құралдарын тексерілмеген мәліметтерді таратпауға және комментарийлерді тек ресми ақпарат көздерінен алуға шақырған.

Украинада 26 қазан күні өтетін ел парламенті – Жоғарғы Рада сайлауына қатысуға 29 саяси партия мен мажоритарлық окургтар бойынша кандидаттар тіркелген.

Шілде айында парламенттегі «Еуропалық таңдау» коалициясынан «Свобода» және «УДАР» фракциялары шыққан соң, тамыз айының соңына қарай президент Петр Порошенко Жоғарғы Раданы таратып, 26 қазанда елде кезектен тыс парламент сайлауын өткізу туралы жарлық шығарған еді.

Украина орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауын бақылайтын халықаралық ұйымдардың 494 өкілі ретінде ресми тіркегендердің арасында Қазақстаннан төрт бақылаушы бар.

XS
SM
MD
LG