Accessibility links

Эбола вирусы он мыңнан аса адамға жұққан


Эбола індетінен қайтыс болған науқастың денесін көлікке салып жатқан адам. Либерия, 13 қазан 2014 жыл.

Эбола індетінен қайтыс болған науқастың денесін көлікке салып жатқан адам. Либерия, 13 қазан 2014 жыл.

Әлемде Эбола дертіне шалдыққандар саны 10 мың адамнан асқан. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бүгін жарияланған жаңа есебінде айтылған.

Ұйымның ақпараты бойынша, қауіпті вирус жұқтырғандар 8 елде тіркелген. Осы уақытқа дейін індеттен 4922 адам көз жұмған.

Ауру жұқтырғандар мен одан қайтыс болғандардың көбі Батыс Африкадағы үш мемлекет – Либерия, Гвинея және Сьерра-Леоне аумағында тіркелген. Ол үшеуінен өзге елдерде Эбола салдарынан адам қайтыс болған он оқиға белгілі болып отыр.

Осы аптада Малиде індет жұқтырған екі жасар қыз бала қайтыс болды. Ол баламен байланыста болған 40-тан аса адам карантинге алынған.

XS
SM
MD
LG