Accessibility links

Бүгін Украинада парламент сайлауы өтеді


Сайлау учаскесіндегі дайындық. Новотроицкое селосы, Донецк облысы, 23 қазан 2014 жыл.

Сайлау учаскесіндегі дайындық. Новотроицкое селосы, Донецк облысы, 23 қазан 2014 жыл.

Бүгін, 26 қазан күні Украинада ел парламенті – Жоғарғы Радаға кезектен тыс сайлау өтеді. Бұл сайлауға елдегі 29 партия қатысқалы отыр. Сайлау барысын алты жүзден аса шетелдік бақылаушылар қадағалайтын болады, олардың арасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясынан өкілдер бар.

Милицияның қосымша күші мен Украина қарулы күштерінің әскери қызметшілеріне елдің шығысындағы Донецк және Луганск облыстарында дауыс беру кезінде тәртіпті қамтамасыз ету міндеті жүктелген.

Украина президенті Петр Порошенко сайлау қарсаңында халыққа арнау сөзінде отандастарын біртұтас Украина үшін дауыс беруге шақырып, елде реформаларды жүзеге асыру үшін парламенттік көпшілік коалициясын құру қажеттігін айтқан. «Стратегия-2020» президенттік бағдарлама негізінде коалициялық келісім жобасы дайын екенін жеткізген Порошенко, бұл бағдарламаны жүзеге асыру Украинаның «еуропалық стандарттарды енгізіп, әлемде лайықты орнын алуын қамтамасыз етеді» деп мәлімдеді.

Өз сөзінде Украина президенті елдегі бейбітшілікті саяси жолмен реттеу арқылы қалпына келтіру қажеттігін айрықша атап айтқан.

XS
SM
MD
LG