Accessibility links

Әл-Сиси: Синайдағы шабуылға шетелдің қатысы бар


Египет президенті Абдель Фатах әл-Сиси (ортада) жоғары шенді армия басшыларымен бірге тұр.

Египет президенті Абдель Фатах әл-Сиси (ортада) жоғары шенді армия басшыларымен бірге тұр.

Египет президенті Абдель Фатах әл-Сиси Синай түбегінде әскерилерге шабуылды «шетелден қаржыландырылған операция» деп атады.

25 қазанда мемлекеттік телеарнадан сөйлеген сөзінде ол «Египеттің омыртқасын үзуді көксейтін шетелдік мемлекеттер бар» деп мәлімдеген, бірақ нақты қандай елдер екенін ашып айтпаған.

Египет президенті елде қарулы бүлікшілерге қарсы қатаң шаралар қолдануға уәде берген.

Жұма күні белгісіз қарулы топтың жасаған екі шабуылдан 33 әскери қызметкер қаза болған соң Синай түбегінде бірқатар аудандарда үш ай мерзімге төтенше жағдай тәртібі енгізілген еді.

Сарапшылар бұл былтыр шілде айында Египетте исламшыл президент Мұхаммед Мурси биліктен кетірілгелі бері елде үкімет күштеріне шабуылдарда қаза тапқандар саны ең көп болған оқиға екенін айтады.

XS
SM
MD
LG