Accessibility links

Қазақстанда Украина сайлауына дауыс беріп жатыр


Украинаның Астанадағы елшілігінде орналасқан сайлау учаскесіне Жоғарғы Рада сайлауына дауыс беруге келген сайлаушылар. 26 қазан 2014 жыл. Украина елшілігінің баспасөз қызметі түсірген сурет.

Украинаның Астанадағы елшілігінде орналасқан сайлау учаскесіне Жоғарғы Рада сайлауына дауыс беруге келген сайлаушылар. 26 қазан 2014 жыл. Украина елшілігінің баспасөз қызметі түсірген сурет.

Жексенбі күні Қазақстандағы Украина азаматтары Жоғарғы Раданың кезектен тыс сайлауына Астана және Алматы қаласындағы дипломатиялық мекемелерінде ашылған екі сайлау учаскесінде дауыс беріп жатыр. Бұл туралы Азаттыққа Астанадағы Украина елшілігінің баспасөз хатшысы Ирина Блащук хабарлады.

– Украина азаматтары Астанадағы елшілігіміз бен Алматыдағы бас консулдық ғимаратында орналасқан екі сайлау учаскелерінде жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат сегізден кешкі сағат сегізге дейін дауыс береді, - деді ол.

Астанадағы Украина елшілігінде орналасқан сайлау учаскесінің төрағасы Владимир Скрипниктің айтуынша, сайлау тізіміне Қазақстанның бірнеше облысын қамтитын үлкен аумақта тұратын Украина азаматтары алынған.

Украина елшілігі өкілдерінің айтуынша, қазанның 20-сына дейін жүргізілген тіркеу деректері бойынша, Қазақстанда сайлау тізіміне алынған Украина азаматтарының саны – 1200 адам.

26 қазанда басталған Украина Жоғарғы Радасының кезектен тыс сайлауына, ресми ақпарат бойынша, алты мыңнан аса кандидат пен 29 партия түсіп жатыр.

Бұл Украинада ақпан айында Виктор Янукович президент қызметінен кетірілгелі бері алғаш рет өткізіліп отырған парламент сайлауы.

XS
SM
MD
LG