Accessibility links

АҚШ пен британ әскері Ауғанстандағы миссиясын аяқтайды


Кэмп-Бастион базасындағы британ әскерилері. Гильменд провинциясы, Ауғанстан, 2 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Кэмп-Бастион базасындағы британ әскерилері. Гильменд провинциясы, Ауғанстан, 2 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Ауғанстандағы АҚШ теңіз жаяу әскері мен Ұлыбритания жасағы бүгін осы елдегі әскери операцияларын ресми түрде аяқтайды.

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясындағы халықаралық әскери күштер контингенті аймақтық басшылығының штабында АҚШ пен Ұлыбритания тулары төмен түсірілді.

АҚШ әскері Гильменд провинциясындағы ең ірі гарнизоны тұрған «Кэмп Лезернек» әскери базасын, ал британ әскерилері сол ауданда орналасқан «Кэмп Бастион» базасын Ауғанстан билігіне өткізіп берген.

Өздері пайдаланып келген әскери базаларды Ауғанстан армиясына тапсырған соң шетелдік сарбаздар бұл елден кетуге дайындалып жатыр. Олардың нақты қай уақытта Ауғанстанды тастап шығатыны әзірше құпия қалып отыр.

XS
SM
MD
LG