Accessibility links

Дубровкадағы теракт құрбандарын еске алды


Мәскеуде Дубровкадағы театр орталығына жасалған шабуыл салдарынан қаза тапқандардың есімдері жазылған ескерткіш белгі. (Көрнекі сурет)
Мәскеуде Дубровкадағы театр орталығына жасалған шабуыл салдарынан қаза тапқандардың есімдері жазылған ескерткіш белгі. (Көрнекі сурет)

Бүгін Мәскеуде осыдан 12 жыл бұрын Дубровкадағы театр орталығын басып алған терроршыларға қарсы арнайы операция кезінде қаза болғандарды еске алу шаралары өтті. Театр ғимараты қасына со оқиғада құрбан болғандар мен зардап шеккендердің туыс-жақындары жиналды.

Қаралы шара құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Сосын оқиға салдарынан қаза болған 130 адамның барлығының аты-жөні аталып, әуеге 130 ақ шар ұшырылды.

2002 жылы 23 қазан күні «Норд-Ост» мюзиклі қойылымы кезінде Дубровкадағы театр орталығын басып алған қарулы террористер тобы 916 адамды кепілдікке алып, биліктен Ресей әскерін Шешенстаннан әкетуді талап еткен болатын. Кепілге алынғандар үш күні бойы ас-сусыз отырды. 26 қазан күні арнайы жасақ тобы ғимаратқа шабуыл жасап, театр залына белгісіз газ жіберіп, салдарынан кепілге алынғандардан 130 адам және террористердің бәрі қаза болған еді.

XS
SM
MD
LG