Accessibility links

Дилма Русеф Бразилия президенті болып қайта сайланды


Екінші мерзімге қайта сайланған Бразилия президенті Дилма Русеф.

Екінші мерзімге қайта сайланған Бразилия президенті Дилма Русеф.

Бразилия президенті Дилма Русеф екінші мерзімге қайта сайланды. Солшыл бағыт өкілі Дилма Русеф сайлаушылардың 51 пайызының даусын жинады. Оның бәсекелесі, оңшыл саясаткер Аэсио Невеске сайлаушылардың 48.5 пайызы дауыс берген. Соңғы отыз жылда Бразилия президенттігінен үміткер бірінші рет бәсекелесінен аз ғана дауыс айырмашылығымен жеңіске жетіп тұр.

66 жастағы қазіргі президент сарапшылардың көпшілігі "елді бөлшектеді" деген қиын сайлаулардан соң бірігуге шақырған. Русеф пен Невес сайлауалды кампаниясын қызу жүргізіп, бір-бірін өткір сынады.

Русефтің Жұмысшы партиясы кедейлікте өмір сүретін миллиондаған бразилиялықтарды қолдайтын әлеуметтік бағдарламаларын кеңейткен. Социал-демократ Невес социалистік ұстанымдарды азайтып, нарықтық экономика негіздеріне бағытталған саясатты көбірек насихаттаған. Оның пікірінше, нарықтық экономика Бразилияны әлемнің экономикасы дамыған бес елінің қатарына қоса алады.

XS
SM
MD
LG