Accessibility links

Жанар Дұғалова Turkvision-2014 байқауына барады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ресейдің Қазан қаласында өтетін Turkvision-2014 ән байқауына Қазақстан атынан әнші Жанар Дұғалова қатысатын болды деп хабарлайды жергілікті ақпарат құралдары.

Байқауға Қазақстаннан баратын әншіні іріктеу сынында көрермендердің СМС арқылы дауыс беруі нәтижесінде Жанар Дұғалова әншілер Нұржан Керменбаев пен Серік Ибрагимовтен және тағы екі топтан басым түскен.

Eurovision байқауына балама ретінде ұйымдастырылған Turkvision байқауы 20 түркітілдес мемлекет пен аймақтар арасында өткізіледі.

Байқау жыл сайын түркі әлемінің астанасы деп белгіленген қалада өткізіледі. Биыл бұл мәртебеге ие болған Қазан қаласында Turkvision байқауы қараша айында өтеді.

XS
SM
MD
LG