Accessibility links

Парижде Ильхам Әлиев пен Серж Саргсян кездеседі


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев (сол жақ шетте) және Армения президенті Серж Саргсян (оң жақ шетте) ЕҚЫҰ саммитінде отыр. Астана, 1 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев (сол жақ шетте) және Армения президенті Серж Саргсян (оң жақ шетте) ЕҚЫҰ саммитінде отыр. Астана, 1 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)

Франция президенті Франсуа Олланд бүгін Парижде Армения президенті Серж Саргсянды және Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті қабылдап, даулы Таулы Қарабах аймағына қатысты келіссөздер өткізеді. Франция билігінің хабарлауынша, Олланд екі ел президенттерімен жеке-жеке кездеседі.

Армения президентінің баспасөз қызметі Саргсян Олландпен кездесуінен соң Әлиевпен жолығатынын хабарлады.

Әзербайжанның Армения қарамағына өткен Таулы Қарабах аймағының шекарасында тамыз айынан бері армян күштері мен Әзербайжан сарбаздары арасында жиілеген жанжалдар салдарынан жиырмадан аса адам қаза тапқан.

1990 жылдары Әзербайжанның этникалық армяндар қоныстанған Таулы Қарабах аймағын армян сепаратистері басып алып, дербес аймақ деп жариялаған еді. Содан бері даулы мәселені дипломатиялық жолмен реттеуге жасалған талпыныстар еш нәтиже берген жоқ. Таулы Қарабах аймағының тәуелсіздігін әлемде ешбір мемлекет мойындаған емес.

XS
SM
MD
LG