Accessibility links

Қырғызстанда Жәкішевтің туысына шабуыл жасалды


"Қазатомпром" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев.
"Қазатомпром" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев.

Қырғызстанның Талас қаласында шабуылға ұшырап, денесіне бірнеше рет пышақ салынған кәсіпкер Райхан Алқанов ауруханаға түскен деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Жоробай Абдраимовтың айтуынша, 79 жастағы Алқановқа қастандық 26 қазан күні Талас қаласындағы үйде жасалған. Кәсіпкердің денесіне кемінде 15 рет пышақ салынған. Екі ретінде пышақ оның денесіне ішкерілей кірген. Зардап шегушіге ауруханада операция жасалған.

Қазір бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатқаны айтылады.

Қырғызстанның Талас аймағына белгілі кәсіпкер Райхан Алқанов - «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы, қазір Қазақстанда түрмеде жазасын өтеп жатқан Мұхтар Жәкішевтің қайын атасы.

1998 жылдан «Қазатомпром» компаниясын басқарған Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда қызметінен алынып, тұтқындалған еді. 2010 жылы наурызда Астананың Сарыарқа аудандық 2-соты Жәкішевті «қаржыны ысырап қылды және пара алды» деген айыппен 14 жылға соттап, жазасын қатаң режимді колонияда өтеуге үкім шығарған. Жергілікті бірқатар құқыққорғау ұйымдары оны «саяси тұтқын» деп таныған.

XS
SM
MD
LG