Accessibility links

АҚШ Батыс Африкада болған сарбаздарын карантинге алды


Америкалық әскерилер Эболамен күреске дайындалып жатыр. Колорадо, АҚШ, 24 қазан 2014 жыл.

Америкалық әскерилер Эболамен күреске дайындалып жатыр. Колорадо, АҚШ, 24 қазан 2014 жыл.

Батыс Африкада қауіпті Эбола індетімен күрес миссиясын атқарған соң Отанына қайтып бара жатқан америкалық сарбаздар Италиядағы әскери базада карантинде отыр. Әскерилер арасында миссияны басқарған генерал Дерил Уильямс та бар. Таяу күндері Либериядан қайтатын әскерилер де осы базаға жеткізілмек.

Ал Нью-Джерсиде медбике Каки Хикокс жергілікті билікті сотқа беретінін мәлімдегеннен соң карантиннен босатылды. Сьерра-Леонеде Эболамен ауырғандарға көмек көрсеткен Каки Хикокстың анализдерінен вирус белгілері табылмағанымен, дәрігерлер «ол індет жұқтыруы мүмкін» деп сақтық танытып, Хикоксты 21 күн оқшау ұстау қажет деп шешкен.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун 27 қазанда мұндай шектеулер Эбола індетімен күрескен медицина қызметкерлеріне қысым жасайды деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG