Accessibility links

АҚШ: ИМ-ге қарсы "ақпараттық коалиция" құрылады


Ирактың Анбар провинциясында жүрген "Ислам мемлекеті" ұйымының адамы. (Көрнекі сурет)

Ирактың Анбар провинциясында жүрген "Ислам мемлекеті" ұйымының адамы. (Көрнекі сурет)

АҚШ «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының өз қатарына содырлар тартып, онлайн арқылы діни зорлық-зомбылықты насихаттайтын іс-әрекетіне қарсы ислам мемлекеттері мен батыс елдері ақпараттық коалиция құратынын мәлімдеді.

Кувейтте өткен жиында АҚШ өкілдері Еуропа мен араб елдерінің делегациясына жаңа бастама ИМ тобына қарсы жүргізіліп отырған әскери және қаржылық кампанияны толықтыратынын айтты.

Жиынға Ұлыбритания, Франция, Сауд Арабиясы, Египет пен Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілдері қатысты.

«Ислам мемлекеті» тобы Twitter мен басқа да әлеуметтік интернет ресурстарында үгіт-насихат мақсатындағы сапасы жақсы видеокадрлар, инфографикалар мен ұрыс қимылдарынан түсірілген суреттерді жариялап отырады.

XS
SM
MD
LG