Accessibility links

Қазақстан: Украина таңдауын құрметтейміз


Украинадағы парламент сайлауында дауыс беріп жатқан адам. Львов, 26 қазан 2014 жыл.
Украинадағы парламент сайлауында дауыс беріп жатқан адам. Львов, 26 қазан 2014 жыл.

Қазақстан Украинада 26 қазанда өткен парламент сайлауын қолдайды деп мәлімдеді бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

«Біз украин азаматтарының таңдауын құрметтейміз және Украина мен әлемдік қауымдастықтың саяси тұрақтылықты нығайту, қоғамның ұйысуы мен орнықты дамуына күш салуын қолдаймыз» делінген министрліктің ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Ресми Астана «жаңа парламент құру – жалпыұлттық татулыққа, қоғамдағы тұрақтылыққа, Украина халқының мүддесіне сай келетін тиісті реформаларды өткізуге жол беретін маңызды қадам» деп атап көрсеткен.

Украинада 26 қазанда өткен кезектен тыс парламент сайлауын заңды деп танитыны туралы бұған дейін батыс елдері мен Ресей де мәлімдеген еді.

Дауыс беру кезінде жүргізілген сауалнама нәтижесі мен сайлау бюллетеньдерін санау барысындағы алдын ала деректер бойынша, биылғы парламент сайлауында Украинаның Еуропаға бағыт ұстануын қолдайтын саяси күштер жеңіске жеткен.

XS
SM
MD
LG