Accessibility links

Жәкішевтің туысына шабуылға қатысты күдікті ұсталған


"Қазатомпром" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев.

"Қазатомпром" ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев.

Қырғызстанның Талас облысында кәсіпкер Райхан Алкановқа шабуыл жасады деген күдікпен 16 жастағы қыз ұсталды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің айтуынша, Таластағы шабуылға ұсталған күдікті қыздан басқа адамдардың да қатысы болуы мүмкін.

Райхан Алкановты өзінің жүргізушісі 26 қазанға қараған түні Талас қаласындағы үйінде бірнеше жерінен пышақ салынып, жаралы жатқан күйінде тауып алған. Денеге екі жерден дендей кірген пышақтан ауыр жараланған Алканов қазір Талас облыстық ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын «ауыр, бірақ бірқалыпты» дейді.

79 жастағы Райхан Алканов – «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің қайын атасы. 1998 жылдан «Қазатомпром» компаниясын басқарған Мұхтар Жәкішев 2009 жылы мамырда қызметінен алынып, тұтқындалған еді. 2010 жылы наурызда Астананың Сарыарқа аудандық 2-соты Жәкішевті «қаржыны ысырап қылды және пара алды» деген айыппен 14 жылға соттап, жазасын қатаң режимді колонияда өтеуге үкім шығарған. Жергілікті бірқатар құқыққорғау ұйымдары оны «саяси тұтқын» деп таныған.

XS
SM
MD
LG