Accessibility links

Қазақстан президенті Дубайға барды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Милан, 16 қазан 2014 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Милан, 16 қазан 2014 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласына барды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Экономикалық өсім жолындағы инновациялық серіктестік» деген тақырыпта өтетін биылғы форум жұмысына бірқатар мемлекеттердің басшылары және үкімет жетекшілері, халықаралық ұйымдар мен іскерлік топтардың өкілдері, сарапшылар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысады.

Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы – Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше-мемлекеттердің жыл сайын өткізетін негізгі экономикалық саммиті.

XS
SM
MD
LG