Accessibility links

Ресей: Шығыс Украинадағы сайлау заңды дейміз


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистер, Киевтің қарсылығына қарамастан, 2 қараша күні өткізгелі отырған сайлауды Мәскеу мойындайды деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

28 қазанда ресейлік «Известия» газетінде жарияланған сұхбатында ол «Біз сайлаулар өтеді деп отырмыз және, әрине, келіскеніміздей оның нәтижелерін мойындаймыз» деген.

Бұған дейін Украинаның Донецк және Луганск облыстарындағы сепаратистердің жетекшілері осы облыстарда өздері жариялап алған «халық республикаларында» жеке парламент пен басшыларын сайлау үшін сайлаулар өткізетінін мәлімдеген еді.

Украина президенті Петр Порошенко елде өткізілетін кез-келген жергілікті сайлау Украина заңдарына сай болуы тиіс екенін айтып, сепаратистердің Луганск немесе Донецк облысында өткізетін сайлауларын Киевтің заңды деп танымайтынын ескерткен.

Украина билігі Донецк мен Луганскінің сепаратистер бақылауындағы аудандарына үш жыл мерзімге дейін өзін-өзі басқару құқығын беріп, желтоқсанның 7-сі күні жергілікті сайлау өткізуді ұсынған.

Ресей Қырым түбегін Украинадан тартып алған соң Донецк мен Луганск облыстарының кейбір аймақтарын басып алған сепаратистер Украинадан тәуелсіздігін жариялаған.

26 қазанда өткен Украина парламентінің кезектен тыс сайлауына дауыс беруге Донецк мен Луганск облыстарында және Қырымда тұратын төрт жарым миллиондай сайлаушы қатыса алмады.

XS
SM
MD
LG