Accessibility links

Сот: Царнаевтың досы Филлипос жалған куәлік еткен


Джохар Царнаевтың соттан салынған суреті. Бостон, 10 шілде 2013 жыл.

Джохар Царнаевтың соттан салынған суреті. Бостон, 10 шілде 2013 жыл.

Boston Globe газетінің дерегінше, бүгін Бостон қаласының федеральдық соты онда 2013 жылы 15 сәуірде болған жарылысқа байланысты күдікке ілінген Робел Филлипосты "жалған куәгерлік еткен" деп таныды.

21 жастағы Робел Филлипос "терактіні ұйымдастырушы" деген күдікке ілінген Джохар Царнаевпен дос болған. Сот болжамынша, Филлипос теракт жасалған күні достарымен бірге Джохар Царнаевтың айғағы бар рюкзагын бөлмесінен алып шығып, қоқысқа тастаған.

Филлипосқа әр айып бойынша сегіз жылға дейін түрме жазасы берілуі ықтимал.

Робел Филлипостың үкімі 2015 жылы 29 қаңтарда шығуы тиіс. Ол қазір үйқамақта отыр.

2013 жылы 15 сәуір күні Бостонда марафон кезінде болған екі жарылыстан 3 адам қаза тауып, 260-тан аса адам жараланған. Жарылыстан соң күдіктілер – ағайынды Царнаевтардың үлкені Тамерлан Царнаев полициямен атыс кезінде қаза тапқан. Ал полиция тұтқынға алған оның інісі Джохар Царнаевқа АҚШ-та 30 баптан тұратын айыптар тағылған, соның 17-сі бойынша жазаның ең ауыр түрі ретінде – өлім жазасын тағайындау қарастырылған. Джохар Царнаев өзіне тағылған айыптардың ешқайсысын мойындамай отыр. АҚШ бас прокуроры Эрик Холдер Джохар Царнаевты өлім жазасына кескенді жөн санайды. Царнаевтың соты 2013 жылы 5 қаңтар күні басталуы тиіс.

Бостон жарылыстарына қатысты істе Джохар Царнаевпен дос болған Қазақстанның екі азаматы – бұрынғы студенттер Дияс Қадырбаев пен Азамат Тәжаяқовқа да «террорлық жарылыстарды тергеу ісіне кедергі жасамақ» болған деген айыптар тағылған. Жарылысқа қатысты "айғақ заттарды жойып, терактілерді тексеруге кедергі келтірді" деп айыпталған ол екеуіне де сот үкімі әлі шыққан жоқ.

XS
SM
MD
LG